Воскресенье, 05.05.2024, 03:27
Приветствую Вас Гость | RSS
Мой сайт
Главная | Регистрация | Вход
Главная » 2013 » Октябрь » 22 » Экологиялық айлық. «Сенің еңбегің – сенің ертенің!»
09:39
Экологиялық айлық. «Сенің еңбегің – сенің ертенің!»
Елбасымыз Н.Назарбаевтың бастамасымен елімізде көгалдандыру, экологиялық меселелерді шешуге бағытталған «Жасыл ел» бағдарламасы бұдан сегіз жыл алдың бастау алған еді. Президентіміз жоғары оқу орындарының студенттериін, орта арнаулы кәсіптік оқу орындары мен жалпы орта білім беру мектептерінің жастарынан еңбек жасақшыларын дайындап, оларды еңбекке жұмылдыру шараларын жүзеге асыруде халыққа жолдаған Жолдауларының бірінде айтқан болатын.
Таяуда осы бағдарламадағы белгіленген талаптарды орындауда Шахтинск қалалық жастар ресурстары орталығының ұйымдастыруымен №15 жалпы білім беру мектебінің базасында «Сенің еңбегің – сенің ертенің!» атты ұранымен өткізілген экологиялық айлықтың жабылуы салтанатты түрде атап өтілді. Оған қаламыздағы Шахтинск технологиялық және тау – кен индустриялдық колледждерінің студенттері мен мектеп оқушылары қатысты.
Жастардан түзілген еңбек жасақтары өздерінің дайындап келген ұрандарын дауыстап айтып, акцияға жиналғандардың рухын тасытып, өз ұстаздарының мерейін ақсақтатты. Жастарға орталықтың директоры Ш.Сыздыкова бір ай бойы өткізілген акцияның мақсатты мен міндеттері жайлы түсінік беріп, бұл шара жыл сайып жалғасын таба беретіндігіне тоқталды. Бұл акцияны өткізудегі мақсат – жастардың қоғамдық ортаға деген сүйіспеншілігі пен экологиялық сауаттылығын арттыру, табиғатты қорғау мен қоршаған ортаны құрметтеуге баулу, азаматтық жауапкершілігін ояту мен тұған елкімізде гүлдендіруге шақыру, сондай – ақ щаһарымыздың экологиялық жағдайына азаматтың жеке жауапкершілігін қалыптастыру және қала тұрғындарын, әсіресе жастардың экологиялық білімін жетілдіру болып табылды.
Үстеріне «Нұр Отан» ХДП жидесін киген 60-ға жуық жастар аталмыш акцияға белсене қатысып, еңбекке деген құлшыныстарын сөзбен де, дәлелдеді. Экологиялық виктринаны ұйымдастырушы «Взгляд молодых» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі В.Саранчукованың басшылығында табиғаттағы есімдіктердің атауы және оны қалай қорғау керектігі, сонымен қатар санитариялық жағдайды күшейтуге, тазалықты сақтауға бағытталған сұрақтар беріліп, оларға жастар тарапынан жылдам уақыт ішінде тұшымды жауаптар алынды.
Осдан кейін бүкіл жастар өздерінің отрядтарымен мектеп маңындағыашық алаңдағы күл – қоқыстарды белгіленген уақыт ішінде тазалауға жұмылды. Өткізілген акцияға белсене қатысып, сұрақтарға толық жауап берген, өз білімдерін көрсетіп, шапшаңдығы мен еңбексүйгіштігін танытқан тау – кен индустриалдық колледжінің жастары 1 орынды, №3 жалпы білім беру мектебінің оқушылары 2 орынды, Шахтинск технологиялық колледжінің студенттері 3 орынды иеледі.
Өткізілген акцияда студенттер және мектеп оқушылары білімдерін шыңдап, еңбек ете білуді үйренді. Жеңімпаздар Жастар Ресурстары орталығының алғыс хаттарымен марапатталды. Өзіндік ерекшелігі бар, жастардың бір – бірімен достасуын нығайтқан осындай игілікті шараның жиі өтуін қалаған жастар сол күні аса көңілді шатықпен тарасты.
Категория: Молодежный Центр | Просмотров: 679 | Добавил: kukushkin | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Категории раздела
Объявления Администрации [26]
Тут размещается вся информация касающаяся только сайта
Молодежный Центр [323]
Тут размещается информация касающаяся всех мероприятий в Молодежном Центре

Мини-чат

Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Календарь
«  Октябрь 2013  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031

Архив записей

Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Лучшее Аниме Радио
  • Бесплатная почта


  • Copyright MyCorp © 2024