Понедельник, 29.04.2024, 05:22
Приветствую Вас Гость | RSS
Мой сайт
Главная | Регистрация | Вход
Главная » 2016 » Июнь » 7 » ҚР азаматтарының оқуын қаржыландыру
14:14
ҚР азаматтарының оқуын қаржыландыру
ҚР БҒМ «Қаржы орталығы» АҚ мынадай мемлекеттік бағдарламалардың операторы болып табылады:
1. Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі (бұдан әрі - МБЖЖ);
2. Білім беру кредиттерін кепілдендіру бағдарламасы (бұдан әрі - МБК).
МБЖЖ туралы қысқа ақпарат:
МБЖЖ-ның ерекшелігі Қазақстан Республикасының барлық азаматтары өзінің не баласының атына кейін Қазақстанда және шетелде оқудың ақысын төлеу үшін пайдалануға болатын ұзақ мерзімді салым аша алатындығында. Бұл салымдарға банк сыйақысымен қоса жыл сайын мемлекеттен сыйлықақы есептеледі.
МБЖЖ-ның негізгі шарттары:
- білім беру жинақтау салымына динақтау мерзімі 3 жылдан 20 жылға дейін;
- Минисмалды бастапқы жарна 3 АЕК мөлшерінде (бұл шамамен 6363 теңге);
- Салымды ашу үшін қажетті құжаттар пакеті - минималды (ата-аналардың бірінің жеке куәлігі, туу туралы куәлік);
- Салым бойынша сыйақы мөлшерлемесі - жылдық 14%;
- мемлекет сыйлықақысы банктен есептелген сыйақыны қосқандағы салымдағы жалпы сомаға жыл сайын есептеледі, мемлекет сыйлықақысының жылдық максималды мөлшері 100 АЕК (212 100 теңге). Оның ішінде:
1) басымдылықты санаттағылар: жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, көп балалы отбасынан шыққан балалар және аз қамсыздандырылған отбасылардан шыққан балалар үшін 7%-дан;
2) басқа санаттағылар үшін 5%-дан.
Айта кетер жайт, банктің сыйақысы мен мемлекет сыйлықақысының сомасы капиталға айналады.
- Жеке тұлға оқудың ақысын төлеуге қажетті соманың жартысын жинақтаған жағдайда мемлекет атынан «Қаржы орталығы» АҚ-ның 100% кепіл болуымен Банктен кредит алу мүмкіндігі бар;
Бүгінгі күнде 15 мыңға жуық білім беру жинақтау салымы тіркелген.

МБК туралы қысқа ақпарат:
Бүгінгі таңда Қазақстанда Білім беру кредиттерін кепілдендіру бағдарламасы жұмыс істейді.
Бұл жүйеде БТА Банк, Қазақстан Халық банкі, Форте банк және Ресей Жинақ банкі сияқты жер-жерде тармақталған филиалдар желісі бар және жеке тұлғаларды несиелендіру саласында оң тәжірибесі бар еліміздің бірқатар жетекші банктері Қаржы орталдығының серіктестері болып табылады. Екінші деңгейлі банктермен серіктестік қатынастарды кеңейту жұмыстары әлі де жалғасуда.

Қарыз алушы студенттерге берілетін кредиттерді кепілдендірудің негізгі талаптары мынадай:
- Қазақстан Республикасының азаматы болу;
- Қазақстан Республикасы аумағында тұрғылықты орны бойынша тұрақты немесе уақытша тіркеуде болу;
- қарыз алушының орташа үлгерімі ҰБТ немесе кешенді тестілеу нәтижелері бойынша 50 балдан төмен болмауы тиіс;
- емтихандық сессия нәтижелері бойынша орташа балл – 3,5 балдан төмен емес (бесбалдық жүйе бойынша) және 1,33 балдан төмен емес (GPA – несиелік жүйе);
- оқу Қазақстан аумағындағы қазақстандық ЖОО-да.

Талапкерлер/студенттер үшін басты артықшылықтар:
1. кредиттің мерзімі 10-12 жылға дейін;
2. студент оқып жүрген кезде және оқуды бітіргеннен кейін 6 айға дейін кредит сомасын өтеу мерзімі кейінге шегеріледі;
3. негізінен кепілзатсыз, кепілзаттық қамтамасыз ету кейбір ерекше жағдайларда ғана талап етіледі;

4. кредит барлық колледждер мен ЖОО-ларда оқу үшін Қазақстанның әрбір ірі қаласында орналасқан серіктес банктердің бөлімшелерінде беріледі;
5. кредиттің сомасы шектелмеген, бастысы оқудың жалпы құнынан аспауы тиіс;
6. кредит талапкердің/студенттің атына ресімделеді.

Бүгінгі таңда білім беру кредиттері бойынша 6,5 мыңға жуық кепілдік берілді.
Категория: Молодежный Центр | Просмотров: 499 | Добавил: kukushkin | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Категории раздела
Объявления Администрации [26]
Тут размещается вся информация касающаяся только сайта
Молодежный Центр [323]
Тут размещается информация касающаяся всех мероприятий в Молодежном Центре

Мини-чат

Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Календарь
«  Июнь 2016  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
  12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930

Архив записей

Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Лучшее Аниме Радио
  • Бесплатная почта


  • Copyright MyCorp © 2024