|
| | |
| Главная » 2016 » Июнь » 7 » Фестиваль_Олар таңшолпандай жарқырады
14:36 Фестиваль_Олар таңшолпандай жарқырады |
Өткен сейсенбі күні Кеншілер мәдениет сарайында бүкіл бүлдіршін мүмкіндігі шектеулі балалардың арасында өткен «Таңшолпан» дәстрлі өнер фестивалін тамашалады. Бұл фестиваль қаламызда биыл бесінші рет атап өтіліп отыр. «Нұр Отан» партиясының, ішкі саясат бөлімінің және мәдениет сарайының қолдауымен өткен бұл шараны жастар ресурстық орталығы ұйымдастырды. Мүмкіндігі шектеулі балалардың өнерін, шығармашылық қабілетін бағалаған әділқазылар олардың талантын танып, әншілігі мен бишілігіне тамсанды. Мүмкіндігі шектеулі балалар сахынаның көркін шешендік өнерімен, вокалдық шығармашылығымен, бишілік және көркем шығармашылық өнерлерімен қыздырып, залда отырғандардың делебесін қоздырды. Евгений Галета, Полина Тараханова, Александр Филатов, Алексей Зайцев және Юлия Киянцева, тағы басқалары өздерінің патриоттық ән-жырларын тарту етіп, көрермен достарының қошеметіне бөленді. Сонымен қатар, фестивальда мүмкіндігі шектеулі балаларға арнап концерттік бағдарлама тарту етілді. Долинка, Новодолинский және Шахан кенттерінің жас волонтерлары ән- билерімен мүмкіндгі шектеулі балалардың көңілін шат етті. Өз кезегінде қызықты ойындар да ойналды. Шара соңында өз өнерлерін көрсеткен бір топ мүмкіндігі шектеулі балаларға алғыс хаттар табысталды. Сондай-ақ, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мүгедек балалардың жазғы маусымда шипажайларға барып ем және дем алулары үшін тегін жолдамалары да берілген. Осы күні қаламыздағы жеке кәсіпкерлер Ерлан Керімқұлов, Ермек Серіков, Дарья Саимканова және өзге де жомарт азаматтардың демеушілігінде «Калейдоскоп» мейрамханасында балаларға арнап дастархан жайылды.
|
Категория: Молодежный Центр |
Просмотров: 514 |
Добавил: kukushkin
| Рейтинг: 0.0/0 |
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи. [ Регистрация | Вход ]
| |
| | |
|
|
|
Статистика |
Онлайн всего: 1 Гостей: 1 Пользователей: 0 |
|
|