|
| | |
| Главная » 2015 » Апрель » 3 » Сайлау-2015. Сайлауға қолдау танытты
11:15 Сайлау-2015. Сайлауға қолдау танытты |
Өткен аптаның бейсенбі күні кепшілердің мәдениет сарайы алаңында еліміздің барша аймағында өтетін Президент сайлауына ұң косу, қолдау таныту мақсатында "Взгляд молодых" қоғамдық бірлестігінің ұйымдаструымен флешмоб өткізіліп, оған Шахтинск тау-кен индустриалдық колледжінің студенттері қатысты. Колледж жастарының үстеріне киген туымызбен түстес көк реңді жиделеріндегі ұранды сөздер көз тартып, еліміздің барлық аймағында сәүірайында өтетін сайлауға деген ерекше ықылас пен пейілдерін танытқандары бір таңғаларлық іс болды. Жастардың қолында қаз қатар тізілген плакаттардағы жазулар мен қолтаңбаларынан сайлауалды тебіреністері мен сөзімдері аңғарылды. Өйткені, олардың көпшілігі он сегізге толғандар. Жас жеткіншектердің қарарында сайлауға бірінші рет қатысып, өз дауыстарын бергелі отырғандар баршылық. Сондықтан, таяуда өткелі тұрған сайлау науқанынажастардың да белсене қатысып, дауыс берулері маңызды болып табылады. Жүзге жуық жастар өткелі отырған сайлауға байланысты "Өз таңдауыңды жаса. Біз еліміздің патриотымыз" деп сайлауға қолдау көрсетіп, үн қатқан олар: "Бізге сайлау маңызды. Жастар сайлаудың жоғары деңгейде өтуін қолдайды. Біз әрқашан елмен, халықпен біргемізә, - деп жалындады. Сондай-ақ, еліміз Қазақстанды, онын саяси бағытын қолдап-құаттаған жас ұрпақ пікірлерін бірінен соң бірін ақ түсті тлакаттың бетіне түсіріп, түрлі ратриоттық сөзіммен тізілген жазуларға толтарды. Бір қазығы жігерлі жастардың құлшынысын, өткезіліп жатқан шараға деген қызығұшылығын екпіндеп соққан жел бір сәтке тоқтата алмады. Қоғамдық бірлестіктің жетекшісі Вера Саранчукованың айтуынша, белгіленген заңға сәйкес Елбасының шешімімен және Конституциялық тәртіппен өткелі отырған Президенттік кезектен тыс сайлауға шахтинскілік жас волотерлар жұмыла қатысып, өз дауыстарын беруге өзір. Сайлау науқанына сүйіспеншілігін аңғартқан қала жастарының бірі - тау-кен индустриалыдқ колледжінің II топ студенті Арина Зайченко. Оның ақ қағазға: әМен сайлауға алғаш рет қатысқалы тұрғаныма құаныштымен! Сондай пейілі кең, дархан және жомарт мінезді қазақ елінде өмірге келгеніме ырзамен. Барша қазқстандық жастарды саулаға белсене қатысуға шақырамын" деп ақ жүрегімен жазған ақжарма тілегі көпшілікке ой салды. Отанға деген іңкер және балауса сөзімдерін осындай маңызы бар шара арқылы көрсеткен жас жеткіншектер өз бірліктерін де, достығын да айқындады.
|
Категория: Молодежный Центр |
Просмотров: 609 |
Добавил: kukushkin
| Рейтинг: 0.0/0 |
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи. [ Регистрация | Вход ]
| |
| | |
|
|
|
Статистика |
Онлайн всего: 1 Гостей: 1 Пользователей: 0 |
|
|