|
| | |
| Главная » 2015 » Ноябрь » 20 » Сайыс. Әжелер шығармашылығымен таңғалдарды
12:17 Сайыс. Әжелер шығармашылығымен таңғалдарды |
Өткен қасиетті жұма күні көншілер мәдениет сарайында «Асыл әже» сайысы ұйымдаытсрылды. Кеуделерінен тәрбиенің таусылмас қайнар бұлағы төгілген, ұлағаты мен даналығы ұрпақ үшін рухани азық болған барлығы бес асыл әже сынға түсті. Әжелердің арасында осындай өзіндік маңызы бар шаралар өткізу шаһарымызда жоғалмас дәстүрге айналды. Шахтинск қалалық ішкі саясат бөлімі, «Нұр Отан» партиясының қалалық филиалы, әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі қалалық комиссясы, сонымен бірге, көмір департаментінің кәсіподақ ұйымының өкілдері төрешілік еткен сайыста ақ жаулықты әжелер өздерін слайд-презентация арқылы таныстырды. Таңыстырылымда әрбір сайыскер сүйікті немерелері мен ұл-қыздарының ортасында, саяхаттарда, мелекелерде түскен фото сүреттерің көрермендер назарына ұсынды. Шағармашылығы таңғылдырған әжелердің арасында Елена Доских спортшылық, өншілік және бишілік қабілетімен ерекшеленіп, ән шырқап, сыған биін билеп, сахна терінде спорттық жаттығұлар үлгісін көрсетсе, Рысбала Тілегенва немересімен «Күнім болып тудың ба» әнін орындап, көпшіліктің көңілін көтерді. «Бар байлығым – балаларым, өмірімнің мәні де, сәні де осалар» – деп ұрандаған Рысбала Омарқызы перзенттеріне деген шексіз махаббатын дәлелдеді. 9 перзент тәрбиелеп, 13 немере сүйген Күміс Абильдина өнерден кенде емес екен. Ол кісі қазақ мәдени орталығының өнерлі әжелерімен бірге халық әнін орындап, жұртшылықтың қошетеметіне бөленді. Сәбиля Әбдікәрімова «Әлемнің жарығын» әнін шырқаса, Бақытгүл Нұрасылова да өнерпаздығымен тәнті етті. Жұргізушілер тарапынан берілген логикалық, әсіресе компьютер техникасына байланысты сұрақтарға әжелер мүлірместен жауап берді. Олар «лак», «спам», «селфи», тағы басқа да сөздердің мағынасын ашып көрсетіп берді. Ал ісмерлік, қоленершілік бағытында әжелердің тігу, тоқу, аспаздық қабилеттері бағаланды. Бірі ою-өрнектержен жасаған картиналарын көрсетсе, бірі көз майын тауысып, өз қолымен жасаған көрпе-жастықтарын жайды,, енді бірі бауырсақ, тоқаш, тағы басқа ұлттық тағамдарды пісіріп әкеліп, көрермендерге ұсынды. Әжелердің сайысқа таңғылықты дайындықпенкелгендері көрініп тұрды. Сайысты қорытындылаған ішкі саясат бәлімінің басшысы Сандуғаш Нұрамғанова ұйымдастырылған асыл әжелердің дәстүрлі сайысы жоғары деңгейде өткіщілендігің атап өтті. Сондай-ақ ол мұны өткізуге мұрындық болған жастар ресурстық орталығына да ризашылығын жеткізді. Сынға түскен бүгінгі заманғы «современный» әжелерге «өнерлі», «ұлағатты», «өнегелі», деген номинациялар беріліп, бағалы сыйлықтар тарту етілді.
|
Категория: Молодежный Центр |
Просмотров: 550 |
Добавил: kukushkin
| Рейтинг: 0.0/0 |
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи. [ Регистрация | Вход ]
| |
| | |
|
|
|