|
| | |
| Главная » 2012 » Ноябрь » 26 » Жастар жат әрекетке қарсы
10:49 Жастар жат әрекетке қарсы |
Қазіргі танда жастар арасында өзіне өзі қол салу көбірек орын алып, айыкпас дертке айналуда. Алланаң берген өлшеулі өмірін өз қолымен қиып қысқарта түсуді ойлауды өзі қорқынышты. Алайда, осындай қадамға дөті жетіп баратын жандар да көздесіп жатады. Жалпақ жұрттың жағасын ұстататын осындай келеңсіз оқиғаларды алдын алу, оны болдырмау шаралары еліміздің барлық аймағында өткізіліп, қоғамдық қорлар, тәлім-тәрбие мекемелері "Бір жағадан бас, бір жеңнен қол щығарып", жұмыла жұмыс жасауда. Еліміздің барша мәдениет, тәлім-тәрбие беру нуктелерінде Қазақстан Республикасы Ғылым және білім министрлігінің қолдауымен жастардың өз өміріне қастандық жасауына жол бермеу, оған қарсы күресү мақсатында өткізділіп жатқан шаралардың бірі 8 қараша күні қаламыздағы Кеншілер мәдениет сарайында "Менің арманым" атты сүрет көрмесі акциясы жалғасын тапты. Бұл шараны қала әкімдігі, Ақ Ордамыз Астана қаласынан арнайы ат терлетіп көлген "Қазбренд" және қалалық "Жастар орталығы" қоғамдық қорлары ұйымдастырып, оған Шахтинск технология колледжінің жастары мен кенттердегі "Жастар орталықтары" қатысты. Қараша айында қалалық "Жастар орталығы" қоғамдық қоры және тәлім-тәрбие мекемелерінің ұйымшылдығымен барлық білім орындарында жасөспірімдердің ойын шығармашылыққа бөлу, олардың бос уақытын тиімді пайдалану, өнер-білімге баулу мақсаттарында сүретсалу конкурсын ұйымдастырған болатын. Мәдениет сарайында атам өтілген кеште оқушылардың салған суреттерін бағалау, оған дауыс беру аркылы жастардың бойында түрлі жаман әдеттерден жиренуге үндейтін сөзімдер қалыптастырылды. Мәдени шараны "Жастар орталығы" қоғамдық қоры жетекшісі Вере Саранчукова ашып, ұйымдастырылып отырған шараның мақсаттымен таңыстырып, қаламызда жастар арасында өткізіліп жатқан түрлі іс-шаралардың маңыздылығына тоқталды. Онан кейін "Қазбренд" қоғамдық қоры директоры Евгений Рыбалко сөз алып, жастарды бірлікке, татулыққа шақыратын, адамның бойында өмірге деген құштарлықты оятатын пікірлерін білдіріп, таяуда өмірге келген аталмыш қоғамдық қорының қызметтері мен атқарған жұмыстарын слайд арқылы таныстырды. Бұл қордың еліміз тәуелсіздігінің жиырма жылдығына орай Астанадағы "Хан Шатыр" сауда және ойып-сауық орталығында қазақтын ұлттық тағамы - қазақша ет асып, астаналықтарға дәм татқызғанын бірі білсе, бірі білмес. Қаламыздың мәдениет ошағында өткен "Менінң арманым" атты сүрет көрмесіне жалпай жұмылғанжастар арасындағы мәдени кеште қарасаң көз жауыңды алатын сүреттерге дауыс беру жоғары деңгейде ұйымдастырылып, толтырылғаңпарақшалар арнайы дайындалған кіші урнаға салынды. Дайындалған парақшаларда дауыс беруші салыңған сүретпен мұқият танысып, 3 сүретіт таңдайды. Сондай-ақоның маңыздылығы бойынша өз пікірін қалдырады. Оның нәтижесі 20 қарашада жарияланып, женімпаздарға сыйлық берілетін болады. Ұйымдастырушылар тарапынан тартымды өткен акцияда Шахтинск технология колледжінің жастары өнер көрсетіп, шары соңы олардың ән мен биіне ұласты. Біз де қағамдық қолардың іскер азамматтарының бұл ісіне тәнті болып, өз алғысымызды білдірдік.
|
Категория: Объявления Администрации |
Просмотров: 647 |
Добавил: kukushkin
| Рейтинг: 0.0/0 |
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи. [ Регистрация | Вход ]
| |
| | |
|
|
|
Статистика |
Онлайн всего: 1 Гостей: 1 Пользователей: 0 |
|
|