Среда, 25.12.2024, 22:40
Приветствую Вас Гость | RSS
Мой сайт
Главная | Регистрация | Вход
Главная » Статьи » Молодежный Центр » Мероприятия

Ең үздік отағасы анықталды
Бұл конкурсты өткізудегі мақсат: отағасыларының біліктігін, тапқырылығын, шеберлігін, жануядағы тіршілік - тұрмысың, өнерге қызығушылығың аңықтау. Өз жанұясынна деген мейірімділігін, перзенттеріне тәрбие беру қабилетін бағалау болып табылды.
Сайасқа жалпы 5 отағасы қатысып, күш санасты. Константин Юрьев - Шахтинск шахатасының электригі, Денис Астафьев - "Семья и здоровье" қоғамдық қорының маманы, Сәкен Танабаев №1 жалпы білім беру мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пенінің мұғалімі, Андрей Петерурин - "Ритал" жауапкершілігі шектеулі серктестігінің қызметкері және Шахан кентінің №14 жалпы білім беру мектебінің қазақ тілі мен эдебиеті пенінің мұғалімі Қанағат Жекейбаев болды.
Әкелердің өзара жарасын бағалап бару ұшін қалалық мәслихаттың депутаты, Шахтинск технология колледжінің директоры Жамал Мамерханова, қалалық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Әлия Ысқақова, "Жас Отан" жастар қанатының хатшысы Кристина Коваленко, әйелдер құқығын қорғау тобының инспекторы Әсел Жапарова және демографиялық отбасылық саясаты комиссиясының хатшысы Әлия Сейілханова терешілік етті. Майыс қатысушыларын әділқазылар 5 баллдық жүйеде, ашық түрде бағалап отырды.
Қатысушыларға қойылған шарттар: өз өмірлерінен фото шоу көрсету, сұрақ - жауап, "киндер сюрприз" кәмпитіндегі құрастырма ойынщықты жылдам құрастыру, қағаздан ұшақ жасап, алысқа ұшыру, сіріңкені ауызбен лақтырып, нысанаға түсіру, шарды үрлеп, жару, юморлық фотосуреттерге тапқырлықпен пікір білдіру, ең соғысы өздері жасаған бұйымдарын көрсету.
Сайыскерлер бірінші шартта өз өмірлеррінен слайд арқылы фото шоу көрсетіп, көпшіліктің көнілің көтерді. Фото суреттерінде өз жанұясына деген сүйіспеншілігі, жарына, баларына мейірімділігі, өз кәсіптеріне адалдығы, тағы басқа қызықты сүреттерін тарту етті.
Сұрақ жауапта әкерлерге логикалық сұрақтар беріліп, олардың тапқырлықтары сарапқа салынды. Қойылған сұрақтарға Константин, Денис және Сәкен толық, анық жауап берді.
"Киндер сюрприз" кәмпитіндегі ойыншықтарды тез құрастырып үлгерген де, шарды бірінші болып үрлегі жарған да Константин болды. Ал сіріңкені ауызбен ең ұзақ лақтырған Андрей де өзін көрсетті.
Қазақ тілі мен әдебиеті пенінің мұғалімі Қанағат бауырымыз өзінің сыпайылығымен ұлттық тіліміздің құдіретін танытып, шара басынан өзінің нағыз ұстаздығын білдірді.
Сайыс қатысушыларына қойылған қол өнерлік шартында Константин өзінің қолдан жасаған тағамдарын ұсынса, Сәкен қызына арнап жасаған орындықты, Денис табиғатты бейнелейтін шығармасын көрсетіп, суретшілігін танытты. Ал Андрей жеміс - жидек салатын ыдыс жасап әділқазылардың құрметтіне бөленсе, Қанағат бұл шартта өзгелерден тым ерекшеленді. Ол тұрлпардың ерттелетін жабдықтарын түгелімен өзі қолдан жасапты Аттын ері, тартпалары, жүгені көпшіліктің назарына ұсынылып, түсіндірілін берілді.
Сайыс соңында әділқазылардың шешіміне орай, ең үздік әке деп Константин Юрьев танылды. Ол өткен жазғы маусымда "Барыс" стадионында өткен "Папа, мама и я" атты спорттық жарасында жеңіс тұғырыннан көрінген болатын. Міңе, бұл конкурста да жүлдені қолдан бермей, өзгелерден оқшауланды.
2 орынды Сәкен Танабаев, 3 орынды Денис Астафьев иеледі. Сайыс қатысушыларына алғыс хаттар мен сыйлықтарды әділқазылар төрайымы Ж.Мамерханова табыс етіп, шара ұыймдастырушыларына, қатысқан отағасыларына жылы лебізін білдірді. Конкурс барысында "Жастар орталықтарының" өнерпаздары өз өнерлерін көрсетіп, керермендердің қошеметіне бөленді.
Категория: Мероприятия | Добавил: kukushkin (03.12.2012)
Просмотров: 707 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Категории раздела
Новости [25]
Тут размещаются новости в МЦ
Правила МЦ [1]
Мероприятия [56]

Мини-чат

Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Лучшее Аниме Радио
  • Бесплатная почта


  • Copyright MyCorp © 2024