|
| | |
|
Өнерлеріңіз өрге бассын
Аймақтық фестивальға шешендік, музыкалық, бишілік, көркемсүрет және колөнершілік бағыттарында жалпы 20 жуық балалар мен жастар қатысты. Шараны өткізудегі мақсат - олардың ойын бөлу, қиындағын ұмыттыру, шығармашылықпен шұғылданып, өмірге деген құлшынысын, сүйіспеншілігін нығайту және олардың өзге балалармен тең екендіктеріне көзін жеткізу. Осы мақсаттта өткізілген бұл фестивальда мүмкіндігі шектелген балалар өздерінің жүректерінен шыққан, отты сөзімдерінен өрілген жырларын оқып, мың бұрала биледі. Олар бірегей жанр немірлерімен және шығармаларымен өнер көрсетіп, жеке дара және ансамбльде ән шырқап, өз шеберліктерін және эмоционалды орындаушылығын танытты. Мүмкіндігі шектеулі балалардың арасындағы ең кішкентайы 5 жастағы Фрейганг Ольга "Менің әжем" атты жырын оқып, жұртшылықтың көзайымына айналса, Галета Евгений "Менің қалам" атты жырын оқып, қаламыздың бүгінгі көрінісін жырмен өрнектеп, керермендерді тәнті етті. Фестивальды "Взгляд молодых" қоғамдық бірлестігі жетекшісі Вера Саранчукова жүргізіп, мүмкіндігі шектеулі балаларға қалалық саясат бөлімі, "Ңұр Отан" партиясы қалалық филиалы, "Жанұя және денсаулық", "Отан" қоғамдық қорлары демеушілік жасап, мақтау қағаздары мен қымбат бағалы сыйлықтары табыс етіліп, сыйлықтарды қалалық саясат бөлімі бастығы С.Ңұрмағанова, "Ңұр Отан" партиясы қалалық филиалының қоғамдық қабылдау жетекшісі Е.Қозыбақов тапсырды. Фестиваль соңында мүмкіндігі шектеулі балаларға жеке кәсіпкер Г.Петраков демеушілігінде "Юность" мейрамханасында дастархан жайылды. Осы күні көпшілікті өнерімен таңғалдырған мүмкіндігі шектеулі балалардың қуанышында шек жоқ еді. Біз олармен "өнерлеріңіз өрге бассын" деп кош айтыстық.
|
Категория: Мероприятия | Добавил: kukushkin (03.06.2012)
|
Просмотров: 411
| Рейтинг: 0.0/0 |
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи. [ Регистрация | Вход ]
| |
| | |
|
|
|
Статистика |
Онлайн всего: 1 Гостей: 1 Пользователей: 0 |
|
|