|
| | |
|
Үздік жанұялар анықталды
Отбасалық сайыс олардың ынтымақ пен беріктігін сақтау, балалардың ата-анаға, Отанға деген құрметін асыру, өнерге қызығушылығын ояту мақсатында өткізілді. Бұл сайысқа мәслихат аппаратының жетекшісі Ш.Абайдильдина, ішкі саясат бөлімінің бастығы С.Нұрмағанова, мәслихат депутаты Е.Керимқұлов және "Жас Отан" жастар канаттының қалалық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары К.Коваленко төрешілік етті. Игі шараға тұрлі салаларда еңбек етегін Құлтасовтар, Осиновтер, Хлыбовтер, Сарыпбековтер және Ахметовтер әулеті қатысты. Олар сахна төрінде өздерінің өнерің, тапқырлығын, білімін, шеберлігін жайып салды. "Отбасы - шағын мемлекет" демекші, әр жанұя дайындап келген видеопрезентацияларын көрсетіп, керермендердің қошеметіне бөленді. Олар өз отбасыларының тарихын, достығын, татулығын дәлелдеп, еліміздің алып шаһарларындағы ғажайып өркелерде түскен сүреттерін көпшіліктің назарына ұсынады. Кезек әрбір жанұяның өнерін тамашалап, баға беру кезеңіне келді. Құлтасовтар отбасының отағасы Құлназар гитарада "Аяулым, анашым" өнін орындаса, кішкентай бүлдіршіндері сахнада "Қара жорға" биін билеп, тұла болды қыздырды. Осиновтер әулеті 3 перзентімен ертегілік көрініс көрсетіп, отағасы Александр өз балаларының қолдарына бірінші бірнеше шыбық, кейін жалғыз шыбық ұстатып, сындыруды бұйырды. Олар бірнеше шыбықты сындыра алмай, бір талын ғана сындырды. Осы көрінісі арқылы отағасы перзенттерін бірлікке шақыпып: "Сендер әрқашан тату болсаңдар, сеңдерді ешкім сындыра алмайды", - деді. Бұл көпшілікке тамаша сабақ болды. Бұдан кейін Хлыбов Юрий жұбайымен сахнаға шығып, биыл шаңырақ көтергендеріне 10 жыл толуын түрлі әзілмен жеткізді. Сарыпбеков Ермекің әулетінде тәрбиеленігі жатқан бүлдіршін "Менің анам алтын" әнімен көнілдерді серпілтіп тастады. Онан соң әскерилер отбасы саналатын Ахметов Әнуардың бойжеткен перзенті қазақтың қара домбырасында сызылтып күй орындады. Сайыста отбасаларға көзіккен ең қиын сәт сұрақ - жауап болды. Бұл шартта ерлі-зайыптылардың зайыбына өзі нені қалайды, қандай әнді, тағамды сүйеді, соңғы жылдары қайда кино көруді ұнатады, жалпы осындай сұрақтар беріліп, оның жауабын ерінен сұрады. Ол сәтте отағасы құлаққалқан тағып алып, берілген сұрақталды естіп қоймау үшін оған ән тыңдатты. Бұл сыннан толық 10 ұпай жинап, жеңіске Құлтасов Құлназар еріссе, онан кейін 9 ұпай жинаған Сарыпбеков Ермек болды. Қалғандары өз әйелінің нені ұнататыңдықтарын толық айтып бере алмады. Отбасылық сайыста әр отбасы өз қолдарымен жасаған тігістерін, тоқымаларын көрсетіп, шеберліктерін танытты. Онан кейін сайыскерлердің кулинариялық бейімділігі сыналып, бұл шартта әр отбасы дайындап келген түрлі тағамдарын ұсынды. Мұнда Ахметовтер жанұясы ұлттық тағамымыз бешбармақ, қымыз дайындап келген болса, басқалары кестеленген, оюлаңған әр түрлі көріністегі көзжауын алатын салаттар әзірлеп келіпті. Сонымен сайысқа түскен отбасыларды ашық түрде бағалап отырған әділқазылардың шешілімімен ең көп ұпай топтаған "Тентекская" шахтасының кеншісі Құлтасов Құлназардың отбасы 1 орынға лайық деп табылды. "Тентекская" шахтасында еңбек ететін Осин Александрдің отбасы 2 орынға, ал Шахтинск технологиялық колледжінде жастарға әскери білім беретін ұстаз Ахметов Өнуардың отбасы 3 орынға ерісті. Олар ұйымдастырушылардың алғыс хаттары мен сыйлықтарына ие болды.
|
Категория: Мероприятия | Добавил: kukushkin (13.05.2013)
|
Просмотров: 456
| Рейтинг: 0.0/0 |
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи. [ Регистрация | Вход ]
| |
| | |
|
|
|
Статистика |
Онлайн всего: 1 Гостей: 1 Пользователей: 0 |
|
|